Қоғам

Қазақстанда кедейлердің саны 20 процентке өсті

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивное фото женщины и ребенка
Архивное фото женщины и ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Елімізде 28 мың адамның табысы азық-түлік себетінің құнынан да төмен

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстанда 2020 жылда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін үй шаруашылықтарының саны 140,6 мыңға артқан. Осы шаруашылықтарда 858,5 мың адам тұрған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 20,1 процентке артық болып тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Табысы төмен үй шаруашылықтарының ішінде күнделікті азық-түлік жиынтығынан да аз пайда табатындар да бар. Олардың саны 4,6 мыңға (бір жылдың ішінде плюс 49,5%) жеткен. Осы шаруашылықтарда 28 мыңнан астам адам (бір жылдың ішінде плюс 84,2%) тұрады.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатындардың басым бөлігі – 19,9 проценті Түркістан облысында тұрады. Аймақта осы санатқа кіретін 27,9 мың үй шаруашылығы (бір жылда минус 12,2%) бар. Халықтың 10,3 проценті кедейшілік шегінен төмен өмір сүреді.

Оқи отырыңыз: Сарапшы ана капиталы жайлы: 42 мыңды әрең берген үкіметтің мұны қабылдауы екіталай

Түркістан облысынан кейін Алматы (15,5 мың үй шаруашылығы, 2019 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көп) және Шығыс Қазақстан облыстары (11,6 мың үй шаруашылығы, минус 2,2%) келеді.

Өткен жылы адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 34 мың теңге болған. Табысы осы сомадан төмен болған отбасылардың басым бөлігі бес және одан көп адамнан тұрады. Қазақстан кедейлердің көбеюіне қарамастан, бай адамдардың өсімі бойынша әлемде ТОП-10 мемлекеттің қатарында көрініп үлгерді.

Жаңалықтар
0