Қоғам

Бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырған шенеунік сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Бурабай ауданы әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы өңірдегі жолдарды жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын жымқырған 

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында Бурабай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды. Ол жол құрылысына бөлінген бюджет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Экономика
Қазақстанда бюджет қаржысының 1,8 триллион теңгесі тиімсіз жұмсалған
Сот шешіміне сәйкес, Қайыргелді Мусин Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, аса iрi мөлшерде) бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Экс-басшы өз жазасын қауіпсіздік дәрежесі орташа мекемеде өтейді.  

"Мусин Ақмола облысының Бурабай ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мен тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүргенде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, бюджет қаражатын басқаруға құқығы бар екенін біле тұра, алдын ала сөз байласу арқылы жол жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырған", - делінген ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде Мусиннің қылмысы дәлелденді. Ал Ақмола облысының аппеляциялық сот алқасы бірінші истанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жаңалықтар
0