Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Отты өзен: үрей мен қызығушылық сезімін қатар тудыратын жанартау кратерлері – фото

Жазылу
Нағыз жүрек жұтқан фотографтар вулканға тым жақын барып, қайнап тұрған лава мен көз жетпес биіктіктегі түтінді суретке түсіріп алды. Бұл көріністер бойға үрей ұялатып қана қоймай, көз тоймайтын сұлулығымен баурайды

Ғаламшардың түрлі жерлерінде түсірілген осы фотолардың арқасында жанартау кратерлерінің ішіндегі құбылысты анық көруге болады.

Аузынан жалын атқан бұл "айдаһарларға" қатты жақындау арқылы фотографтар өте үлкен қатерге бас тігеді. Адам абайсызда осы лаваға құлап кетсе не боларын елестетудің өзі қорқынышты! Себебі балқыған тау жыныстарының температурасы мың градустан асады.

Бірақ осы қауіпке қарамастан кей фотографтар бұрын-соңды кездеспеген әдемі суреттерді түсіре алды.

Соңғы жылдары ғалымдар жер бетіндегі вулкан атқылауы жаһандық сипатқа айналуы мүмкін екенін жиі айтуда.

Оқи отырыңыз: Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді

Мысалы, бірнеше апта бұрын Исландиядағы Гелдингадалсгос вулканының атқылауы дронның көмегімен видеоға түсірілді.

Сондай-ақ 6 мың жыл "ұйықтаған" Фаградалсфьяль вулканы "оянды".

Ал Сицилияда Еуропадағы ең ірі вулкан – Этна атқылады.

Жер шарының түрлі аймақтарында түсірілген вулкан кратерлерінің таңғаларлық суреттерін Sputnik Қазақстан материалынан көре аласыз.

© Photo : Public domain / USGS/R. TillingГавайи аралдарындағы Mauna Ulu жанартауының кратеріндегі лава.
Лава в кратере вулкана Mauna Ulu на Гавайях  - Sputnik Қазақстан
1/10
Гавайи аралдарындағы Mauna Ulu жанартауының кратеріндегі лава.
CC BY-SA 2.0 / Einar Fredriksen / Kamchatka 2010 366Камчаткадағы Горелый жанартауының кратеріндегі лава көлі.
Лавовое озеро в кратере вулкана Горелый на Камчатке  - Sputnik Қазақстан
2/10
Камчаткадағы Горелый жанартауының кратеріндегі лава көлі.
© REUTERS / Cat Gundry-BeckИсландиядағы жанартау атқылауының жақыннан қарағандағы көрінісі.
Вид на извержение вулкана в Исландии  - Sputnik Қазақстан
3/10
Исландиядағы жанартау атқылауының жақыннан қарағандағы көрінісі.
© REUTERS / Hereward HollandКонгодағы Ньирагонго жанартауының кратеріндегі лава көлі.
Лавовое озеро в кратере вулкана Ньирагонго в ДР Конго  - Sputnik Қазақстан
4/10
Конгодағы Ньирагонго жанартауының кратеріндегі лава көлі.
© Photo : Public domain / USGS / M. PatrickГавайидегі Килауэа жанартауының кратеріне қарай құйылып жатқан лава ағыны.
Лавовые потоки вливаются в кратер вулкана Килауэа на Гавайях  - Sputnik Қазақстан
5/10
Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріне қарай құйылып жатқан лава ағыны.
© Photo : Public domain / USGS / David DowГавайидегі Килауэа жанартауының кратеріндегі лава көлі.
Лавовое озеро в кратере вулкана Килауэа на Гавайях  - Sputnik Қазақстан
6/10
Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріндегі лава көлі.
© Photo : Public domain / U.S. Geological SurveyГавайидегі Пуу-Оо жанартауының кратеріндегі лава көлі.
Лавовое окно в кратере вулкана Пуу-Оо на Гавайях  - Sputnik Қазақстан
7/10
Гавайидегі Пуу-Оо жанартауының кратеріндегі лава көлі.
CC BY-SA 4.0 / Saraedum / Masaya Crater Closeup (cropped image)Никарагуадағы Масая жанартауының кратеріндегі лава суреті.
Фотография лавы в кратере вулкана Масая в Никарагуа  - Sputnik Қазақстан
8/10
Никарагуадағы Масая жанартауының кратеріндегі лава суреті.
CC0 / Geophile71 / Marum sept 2009Вануатудағы Амбрим жанартауының кратеріндегі лава.
Лава в кратере вулкана Амбрим на Вануату  - Sputnik Қазақстан
9/10
Вануатудағы Амбрим жанартауының кратеріндегі лава.
© Photo : CC BY-ND 2.0 / Thomas MaluckЭфиопиядағы Эрта Але вулканының кратеріндегі лава көлінің таңсәрідегі көрінісі.
Лавовое озеро в кратере вулкана Эрта Але в Эфиопии на рассвете  - Sputnik Қазақстан
10/10
Эфиопиядағы Эрта Але вулканының кратеріндегі лава көлінің таңсәрідегі көрінісі.
Жаңалықтар
0