НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне тап берген иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұдан бұрын желіде иттің күшікке тап берген сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.
"Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", - делінген хабарламада.
Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде.
Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.