НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Американың Калифорния штатының полициясы өзінің үш баласын өлтірді деген күдікпен Лос-Анджелес тұрғынын ұстады, деп хабарлады РИА Новости жергілікті телеарнаға сілтеме жасап.
Мәйіттерді сенбі күні таңертең пәтерге келген әжесі тапқан. Болжам бойынша балалар пышақ жарақатынан көз жұмған.
Полиция олардың анасы 30 жастағы Лилиана Каррильоны іздестіру шараларын жүргізді. Күдікті Калифорнияның орталығында, мәйіттер табылған пәтерден төрт сағаттық жерде ұсталды.
Оқи отырыңыз: Екі баласын өлтірген мәскеулік әйелдің ондай әрекетке бару себебі айтылды
Құқық қорғау органдары қылмыс себебін әлі анықтаған жоқ.
Сондай-ақ Каррильоның балалармен бір пәтерде тұрып-тұрмағаны да белгісіз.