Өңірлер

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады – арнайы операцияның видеосы жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Жазылу
Ұйымдасқан қылмыстық топ басшыларының бірі Армения азаматы деген ақпарат бар. Ұсталғандардан қару, алтын, доллар, теңге және армян драмы тәркіленді

КӨКШЕТАУ, 10 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысындағы кәсіпорыннан алтын ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады. Оның екі басшысының бірі – Армения азаматы. Тінту кезінде алтын, ақша және қару тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысының қала құраушы өнеркәсіптік кәсіпорнынан құрамында алтын бар материалдарды ұрлаумен айналысқан қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.  

Айта кетейік, Ақмола облысында екі ірі алтын өндіруші компания – "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық комбинаты және "Алтынтау Көкшетау" ЖШС жұмыс істейді. ҰҚК департаментінің баспасөз қызметі оның қайсында ұрлық жасалғанын айтудан бас тартты.

"ҰҚК арнайы операциясы кезінде алтын жымқырудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған қылмыстық топтың екі басшысы ұсталды. Олардың бірі – Армения азаматы", - деп хабарлады ҰҚК-нің Ақмола облысы бойынша департаменті.

Ұйымдастырушылар мен қылмыстық топ мүшелерінің тұрғылықты жерін тінту кезінде алтын, ақша және қару тәркіленді.

"41 оқ-дәрісі бар әскери тапанша, газ тапаншасы, сигналдық револьвер, салмағы бір килограмға жуық алтын құйма, бір килограмнан астам катодты алтын, 33 500 доллар, 800 000 теңге, 32 000 армян драмы, отқұндақты пеш тәркіленді", - деп хабарлады департамент.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі 19 қаңтарда тоқтатылған. Бірақ объективті себептерге байланысты ақпарат енді ғана жарияланып отыр, деп атап өтті ведомство.  

Жаңалықтар
0