НҰР-СҰЛТАН - 10 сәуір, Sputnik. Елорда тұрғындары "Жаппай диктант" акциясына қосылды. Нұр-Сұлтанда акция офлайн және онлайн режимде өтті.
Қатысушылар диктант жазған алаңдар:
- Республикалық физика-математика мектебі – 20 оқушы (офлайн);
-
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 20 студент (онлайн);
- Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 12 адам ("#үйдежазамыз" алаңы);
- "#үйдежазамыз" алаңы - 31 адам.
Науқанның басты мақсаты әр адам үшін сауатты болу маңызды екенін көрсету. Жаппай диктант – ерікті түрде диктант жазу түріндегі жыл сайынғы акция.
Бұл жылы "Жаппай диктант" мәтінінің авторы – жазушы Дмитрий Глуховский. Ол диктантты бес бөлімге бөлді. Оның төртеуі офлайн режимде және #үйдежазамыз форматында жазылады. Мәтіннің түйіні бар бесінші бөлім 10 сәуір бойы totaldict.ru сайтында онлайн жазуға қолжетімді болады.
"#үйдежазамыз" үшін трансляция Мәскеуден жүргізілді. "#үйдежазамыз" алаңында қатысушыларға баға қойылмайды. Мәскеу штабының жаңа шешім бойынша тек қателер тексеріледі. Қатысушыларға сыйлыққа сертификат пен қалам берілді.