Қоғам

Түркия қазақстандық вакцинаны шығаруға көмектеседі – Тоғжанов

© Sputnik / Владислав Воднев Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК)
 Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК) - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Түркияда қазақстандық вакцинаны құтыға құяды, ал вакцинаның өзі Қазақстанда жасалады, деп түсіндірді үкімет басшысының орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы "QazVac" атты қазақстандық вакцинаны жаппай шығару жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"21 сәуірде барлық жұмыс аяқталады. Осыдан кейін денсалуық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің негізінде қорытынды құжатты беруі тиіс. Оған 5-7 күндей кететін шығар. 25-27 сәуірде отандық вакцина негізгі хабтарға жеткізіледі. Олар Ақтөбе, Алматы, Шымкент пен Нұр-Сұлтанда орналасқан", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, "QazVac" вакцинасын жасап шығарған Биологиялық қауіпсіздік институты базасында бір айда 50 мың доза шығаруға мүмкіндік бар. Бірақ ірі көлемде өндіруге өндірістік қуаты жетпейді. Ал Жамбыл облысындағы зауыттың құрылысы әлі аяқталмаған. Осыған байланысты отандық вакцинаны көбірек шығару үшін шетелдік өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бүгінде Түркия қазақстандық екпені шығаруға келісіп отыр.

Оқи отырыңыз: Ораза кезінде вакцина салдыруға бола ма – дәрігерлер кеңес берді  

"Биологиялық қауіпсіздік институтында вакцинаны шығаруға қажетті субстанция жасалады. Қазіргі кезде Түркиямен келісім бар. Олардың өз вакцинасы жоқ. Бірақ өндірістік күші бар. Түркияда қазақстандық вакцинаны құтыға құяды. Ал вакцинаның өзі Қазақстанда жасалады", - деп түсіндірді Тоғжанов.

"Маусым айында ірі кәсіпорындардың арқасында 500 мың дозаға жеткізуіміз қажет", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Айта кетейік, түрік мамандары Жамбыл облысындағы зауыттың құрылысына да атсалысады. Олар қажетті құрал-жабдықтардың GMP стандартына сай болуына жауап береді.

Жаңалықтар
0