Өңірлер

Павлодар облысына қазақ тілі, физика, химия пәнінің мұғалімдері ауадай қажет

© REUTERS / CARL RECINEУченический стол в школьном классе
Ученический стол в школьном классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Солтүстіктен оңтүстікке келген мамандардың мәліметінше қоныс аударған отбасы бір жыл бойы баспанамен тегін қамтылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Павлодар облысына мұғалімдер, медицина және техника мамандары қажет. Халықты еңбекпен қамту мақсатында оңтүстікке Керекуден арнайы топ келді, деп хабарлады Otyrar.kz.

"Еңбек" бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізген олар әр ауданның тұрғындарымен кездесіп жатыр. Айтуларынша 5 жыл бұрын басталған көші-қон бағдарламасына биыл бірқатар өзгеріс енгізілген.  

"2017 жылдан бастап биылғы жылдың сәуіріне дейін көшіп келуге 35 АЕК көлемінде қолдау көрсетілсе, 1 сәуірден бастап әр адамның басына 70 АЕК қолдау көрсетіледі. Ол дегеніміз – 204 190 тг. Яғни, бір үйде 5 адам болса, ол кісілер миллион теңгеден астам қаражат  алады", - дейді мамандар.

Солтүстіктен келген топтың мәліметінше қоныс аударған отбасы бір жыл бойы баспанамен тегін қамтылады. Қала берді оларға берілетін қолдау құны да көтерілген.

Айта кетейік, қоныс аударуға ниетті отбасының бір мүшесі мамандық иесі болуы міндетті. Ақпарттық топ әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті, физика, химия және дене шынықтыру мұғалімдерінің ауадай қажет екенін айтады.

Оқи отырыңыз: Солтүстікке көшетіндерге берілетін біржолғы жәрдемақы екі есеге көбейеді 

5 сәуірде солтүстіктен келген делегация Жетісай және Мақтаарал аудандарында болса, 7 сәуірде Келес, Сарыағаш тұрғындарымен кездесу өткізді. Делегация 9 сәуірде Сайрам мен Ордабасы аудандарында, 12 сәуір Арыс қаласында, 14 сәуірде Түлкібас ауданына барады деп жоспарланған.

Жалпы осы уақытқа дейін Керекуге 7000 азамат қоныс аударған, оның 3500-і еңбекке жарамды. Өткен жылы Павлодар облысына 300 түркістандық көшкен екен. Ал соңғы 5 жыл ішінде Түркістан облысынан 1700 отбасы Қазақстанның солтүстігі мен шығысына қоныс аударған.

Жаңалықтар
0