Өңірлер

Оралда әжетханаға баруға ерінетін жатақхана тұрғындары бүкіл қалаға масқара болды

© Sputnik / Алексей МальгавкоАрхивное фото многоэтажного дома
Архивное фото многоэтажного дома - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2021
Жазылу
Орал қаласында жатақхана тұрғындары балконнан "лимонад" лақтырып жүр. Бірақ иісі лимонадқа мүлдем ұқсамайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Оралда жатақхана тұрғындары зәрге толы пластик бөтелкелерді терезеден лақтырып жүр. Үйдің артында үйіліп жатқан құтыларды өздері "лимонад" деп атайды. Бүгінде бұл жатақхана бүкіл қалаға танылып үлгерді, деп хабарлады "Мой город" порталы  

 Хамид Чурин, 119 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты жатақхананың маңайында күл-қоқыс үйіліп қалған. Одан бөлек, үйдің айналасында сары сұйықтық құйылған пластик бөтелкелер шашылып жатыр. Жатақхана тұрғындары оны "лимонад" деп атайды. Бірақ иісі лимонадқа мүлдем ұқсамайды. Көрші үйдің тұрғындары бәрін фотоға түсіріп, әлеуметтік желілерге сала бастады.

"Осы жатақхананың тұрғындарын күштеп сенбілікке шығару қажет. Өмір бойы осылай, жатақхананы тұрғындарымен бірге қаланың қоқыс тастайтын алаңына көшіріп жіберу керек. Сол жерде тұрсын", - дейді көршілер.

Үйдің проблемасын әкімдіктегілер де біледі екен. Қалада ондай бірнеше үй бар көрінеді. Әкім орынбасары Мирас Мулкайдың айтуынша, Хамид Чурин, 119 жатақханасының тұрғындарымен бірнеше рет кездесу ұйымдастырылды. Барлығын тазалыққа үндеген. ПИК-ке кіріп, ортақ іске атсалысуға ұсыныс жасалыпты. Бірақ ешкім ниет білдірмеген.

"Ол жатақханада терезеден "лимонад" ұшады. Қыс аяқталғаннан кейін проблема басталады. Үйдің жанында полиция пункті бар. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзғандарды жауапқа тартады. Бүгінде осы үйдің тұрғындары коммуналдық қызметтер үшін 5 миллион теңге қарыз болып қалған", - дейді Мулкай.

Әкімдік коммуналдық қызметтер үйдің айналасын жинайтынын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды сенбілікке шығуға шақырды.

Жаңалықтар
0