Қоғам

Оқушылар қашан мектепке барып оқиды – білім министрі жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования Асхат Аймагамбетов
Министр образования Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Пандемияға қатысты жағдай жақсарып, өңірлер "сары" және "жасыл" аймаққа өтсе, мектепке баруға рұқсат беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қандай жағдайда оқушылардың барлығы мектепке барып оқитынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пандемияға қатысты жағдай жақсарып, өңірлер "сары" және "жасыл" аймаққа өтсе, мектепке баруға рұқсат беріледі. Әдетте өңір "жасыл" аймақта болса, барлық оқушы мектепке барып оқиды", - деді Аймағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.  

Министрдің айтуынша, оқушылардың мектепке тездетіп баруына вакциналау да ықпал етеді. Себебі екпе салынса, ауру тарамайды. Шектеу шаралары да жеңілдетіледі.  

Оқи отырыңыз: Оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді 

"Әрине, бәрі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауымызға байланысты. Былайша айтқанда, әрбіреуіміз санитар дәрігерлердің кеңесін орындасақ, пандемияны жылдам ауыздықтай аламыз. Балаларымыз мектепке ертерек барады", - деп түйіндеді Аймағамбетов.

IV тоқсан қалай басталды?

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" және "сары" аймақта тұрған өңірлерде барлық сынып аралас форматта оқиды. Сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

Ал "қызыл" аймақта жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық, 1-5 сынып оқушылары (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар) аралас форматта оқиды, сыныпта оқушылар саны 25-тен аспауға тиіс.

9, 11 (12) сыныптар аптаның алты күні аралас форматта білім алады. Сыныпта 15 адамнан көп болмауға тиіс, "бір сынып-бір кабинет" қағидаты мен маска режимі және санитарлық талаптар сақталуы шарт.

Республиканың барлық өңірінде:

  • контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде дәстүрлі форматқа рұқсат етіледі, сыныпта балалар саны 25-тен аспауы керек;
  • сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда індеттің қайта өршуіне байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматын ауыстырылды. Елордада соңғы тоқсанда тек 9, 11 (12) сынып оқушыларына ғана аралас форматта оқуға рұқсат етіліп отыр. Қалғандары үйде, онлайн білім алады.

Жаңалықтар
0