НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Өрт облыс орталығынан қала маңындағы ауылға бара жатқан жолда болды, деп хабарлайды Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
8 сәуірде таңертең №1 Павлодар автобус паркіне қарасты 38-ші бағыттағы қоғамдық көлік қаладан Ленинский ауылына қарай жолға шыққан. Алайда ауыл маңына таяғанда автобус кенеттен отқа оранған.
© Photo : ДЧС Павлодарской области№38 бағыттағы қоғамдық көлік қаладан Ленинский ауылына қарай жолға шыққан
№38 бағыттағы қоғамдық көлік қаладан Ленинский ауылына қарай жолға шыққан
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен 9 қызметкері шұғыл жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.
"15 шаршы метр жерде өрт шықты. Барлық жолаушылар өртеніп жатқан көліктен шығарылды және санаулы минут ішінде қызыл жалын сөндірілді", – делінген ақпаратта.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның себеп-салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
© Photo : ДЧС Павлодарской областиҚала маңына қатынайтын көліктің сау тамтығы қалмады
Қала маңына қатынайтын көліктің сау тамтығы қалмады
© Photo : ДЧС Павлодарской области