Оқиға

Павлодарда 72 жастағы көлік жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті

© Sputnik / СтрингерМашина скорой помощи едет по улице
Машина скорой помощи едет по улице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Облыстық полиция департаменті қазір жол апаты бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Павлодарда 72 жастағы көлік жүргізушісі қағып кеткен жас қызға бүгін ота жасалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты 6 сәуірде 13:40 шамасында Лермонтов пен Жүсіп көшелерінің қиылысында болған.

72 жастағы ВАЗ-2107 жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 19 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама жасалады", - деп хабарлады полиция.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасқа бүгін ота жасалады.

"Бас миының шайқалуы, жамбастың жабық сынуы диагнозы қойылған. Тағы бірнеше жарақаты бар. Бүгін операция жасалады. Жағдайы ауыр. Операциядан кейін жалпы жағдайы белгілі болады", - деді басқармадағылар.

Оқи отырыңыз: Жас актриса жол апатынан қайтыс болды

 

Жаңалықтар
0