Қоғам

Цой Қарағандыда өндірілген "Спутник V" вакцинасын отандық өнім деп атады

© Sputnik / Тимур БатыршинЖителей города прививают российской вакциной Спутник V
Жителей города прививают российской вакциной Спутник V - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Жазылу
Қарағандыдағы фармацевтика зауытында өндіріліп жатқан "Спутник V" вакцинасын отандық өнім деп айтуға болады, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Spuntik. Елордадағы емхананың жұмысын тексеруге келген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әзірге екпе салдырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24.

Министр отандық вакцинаны күтеді. Айтуынша, "QazVac" қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Тоқаев вакцина салдырды 

Осы ретте ведомство басшысы Қарағандыдағы фармацевтика зауытында өндіріліп жатқан ресейлік "Спутник V" вакцинасын отандық өнім деп атады. Сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өнімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады дейді.

"Спутник V" де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі шығар, бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады", - деді Алексей Цой телеарнаның эфирінде.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырғаны белгілі болды. Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы екенін хабарлады. Ешқандай жанама әсерлер жоқ.  

Жаңалықтар
0