Қоғам

Әйелінің үстінен арыз жазған: жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта Қылмыстық-процестік кодекс бойынша тиісті тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр, деді Бектенов

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Әйелінің үстінен арыз жазған ер адамның шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеу әлі басталған жоқ.  Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, шынымен де, ондай факт бар. Ер адам Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне шағым түсірді. Бірақ қазіргі уақытта Қылмыстық-процестік кодекс бойынша тиісті тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Бектенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, барлық материал ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Егер заң бұзушылықтар анықталса, онда сотқа дейінге тергеу басталады. Осы орайда Бектенов жемқорлық фактісі туралы хабар берген ер адамға сыйақы беру мәселесін түсіндірді.  

"Бүгінде нақты тәртіп бар. Егер адам сыйақы алуға өтініш берсе, онда ақшалай ақы беріледі. Әзірше тексеріс жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталған жоқ", - деп атап өтті Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының тұрғыны Тимур Балыкчиннің әйелінің үстінен жемқорлыққа қарсы қызметке арыз түсіргені туралы ақпарат тараған болатын. Оның айтуынша, төрт жыл бұрын келіншегі декретке шыққан. Бірақ зейнетақы жарналары түсіп тұрған.

"Әйелім мектеп директоры мен бухгалтерімен сөз байласып, жұмыс істегендей етіп көрсетуге келіскен. Жалақы аударылды. Бірақ ол өз банк картасын сол кісілерге беріп қойды. Сөйтіп, ол қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған", - дейді ол.   

Тимур тәртіпті азамат ретінде заң бұзушылықты жасыра алмаған. Бірнеше мемлекеттік органға арыз жазды. Соның ішінде жемқорыққа қарсы қызмет те бар.

Жаңалықтар
0