Ежелгі Мысыр шерулерінің стилінде өткен салтанатты рәсім ресми түрде "Перғауындардың алтын парады" деп аталды.
Күн батарда арнайы қос дөңгелекті күйме арбалар Тахрир алаңынан бастап Ніл өзенінің жағалауымен жүрді. Көзтартарлық оқиғаның видеосын Ten TV арнасы жариялады.
18 перғауын мен төрт патшайымның денесі азот жіберілген қораптарға салынған. Атап айтқанда, олардың арасында патшайым Хатшепсут, Рамзес II және Тутмос III сүйектері болды.
Мумиялар Ұлттық музейге жеткізілгеннен кейін Каирде зеңбіректен оқ атылды.
Бұдан былай мумиялар ЮНЕСКО-ның көмегімен салынған жаңа Мысыр өркениеті музейінде сақталады.