Қоғам

Қазақстанда бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

© REUTERS / JORGE SILVAДевушка переходит улицу под дождем
Девушка переходит улицу под дождем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында қар еріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. "Қазгидрометтің" синоптиктері 6 сәуірде ауа райы қандай болатынын болжады.

"Республикада ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын түседі, батыста қатты жаңбыр, қар жауады, тек оңтүстікте күн ашық болады", - деп болжады синоптиктер.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл тұрады.

Дабылды ескерту

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында қар еріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 жетеді, күндіз екпіні – 23 м/с.

Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде – 15-20, екпіні – 25 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 5-6 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.   Температура түнде -1+1°C, күндіз + 3+5°C. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.

Алматыда күн бұлтты, ауа температурасы түнде + 3+5°C, күндіз + 13+15°C. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр болады.

Шымкентте күн бұлтты. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, ауа температурасы түнде + 5+7°C, күндіз + 20+22°C.

Жаңалықтар
0