Әлем

Дүниежүзілік банк Ресейге қатысты болжам жасады

© Sputnik / Vitaly Timkiv / Медиабанкке өтуЛюди гуляют в парке Галицкого в Краснодаре
Люди гуляют в парке Галицкого в Краснодаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Дүниежүзілік банк Ресейдегі кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендейді, бірақ 2022 жылға дейін бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі мәннен жоғары болады деп болжады

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Дағдарыстан кейін Ресей экономикасы әлдеқайда жылдам қалпына келеді. Дүниежүзілік банк сарапшылары осындай қорытынды жасады. Бұл болжам қаңтардағыдан әлдеқайда жақсы, деп жазды РИА Новости.

2021 және 2022 жылдары Ресейдің ЖІӨ-і сәйкесінше 2,9 және 3,2 процентке өседі, деп санайды Дүниежүзілік банк (ДБ). Қаңтарда 2,6 және 3,0 процент көлемінде болжам жасалған болатын.

"Қалпына келу қарқынды жүріп, пандемия әсерінің бәсеңдеуіне қарай өсім де арта түседі", - деп жазды Еуропа мен Орталық Азия экономикасы туралы баяндама авторлары.

2020 жылы ЖІӨ кемуі басқа мемлекеттердікіне қарағанда төмен болып, 3,1 процентті құрады. Болжамның өзгеруіне осы негіз болып отыр.

Шектеулерді әлсірету белсенді өсімге ықпал етеді. Ресей коронавирустың екінші толқынына байланысты локдаун жариялаған жоқ. Бұл дағдарыстан жылдамырақ шығуға мүмкіндік берді. Дүниежүзілік банк  Ресей коронавирустың үшінші толқынына төтеп беруге қауқарлы дегенді есепке алып отыр.

Деньги, тенге купюры, банкноты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Экономика
Алдағы үш жылда теңге бағамы қандай болады – ЕАДБ сарапшылары болжам жасады
ДБ сарапшылары ресейлік вакцина мен екпе науқаны қуатты драйвер болады деп санайды. Алайда екпе салдыру қарқыны төмендеп, эпидемия жалғасуы мүмкін деген сын-тәуекелдерді де ескерді. Сол сияқты батыстық кезекті санкциялар да әсер етпей қоймайды. Банк секторы да күмәнге толы. Экономистердің бағалауы бойынша ипотека нарығының жүктемесі көп. Бұл активтер сапасын нашарлатып, қаржы ұйымдарының табысын азайтуы мүмкін.

ДБ Ресейдегі кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендейтінін айтты. Бірақ ол 2022 жылға дейін пандемияға дейінгі көрсеткіштен жоғары болады. Баяндама авторлары биліктің әлеуметтік шаралары елдегі кедейліктің артуына жол бермеді.

Желтоқсанда Дүниежүзілік банктің Ресейдегі өкілдігінің директоры Рено Селигманн да осындай мәлімдеме жасап, ресейлік үкіметтің дағдарысқа қарсы әрекеттерінің тиімділігін атап өтті.

Мемлекет бизнес пен халықты қолдауға бағытталған шығындарды ұлғайтты. Оның үстіне Центробанктің ауқымды қаржы резервтері бар. Сарапшылар дағдарысқа қарсы салымдарды ЖІӨ-нің төрт пайызы деңгейінде (төрт триллион рубльден астам) бағалады. Бұл елдің кедейленуін тежеді.

РФ еңбек министрлігі бұған дейін кедейліктің 13% деңгейі туралы айтқан болатын. Бұл шамамен 20 миллион адам.

ДБ бюджетке де қатысты болжам жасады. Өткен жыл 4,1 триллион рубль немесе ЖІӨ-нің 3,8% тапшылығымен аяқталды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,8% көлемінде болжануда. Ал 2022 мүлде профицитке қол жетеді.

Наурыздың ортасында "Жоғарғы экономика мектебі" ұлттық зерттеу университетінің (ЖЭМ ҰЗУ) сарапшылары рецессия аяқталды деп санауға болатынын айтты. "2020 жылдың соңындағы екі тоқсанда негізгі макрокөрсеткіштер өсімі 2021 жылдың басында Ресейде рецессия аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеуге мүмкіндік беріп отыр", - деп хабарлады ЖЭМ ҰЗУ дайындаған "Мемлекет пен бизнес туралы пікір" бюллетені.

Монеталар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Экономика
Министр Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты
Экономистердің түсіндіруіне қарағанда, үшінші және төртінші тоқсандардағы ЖІӨ 4,2 және 1,7 процентке өскен, ал негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1,2 және 0,4 процентке артқан. Сарапшылар инвестициялық белсенділіктің құлдырауы да аса ауқымды емес екенін айтты. Бұл Ресей бүкіл әлемге қарағанда дағдарысты әлдеқайда жеңіл өткізіп жатқанын дәлелдейді. Посткеңестік тарихта бұл бірінші рет.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, 2020 жылы Ресейдің ЖІӨ 2015 жылғы дағдарыс жылындағымен салыстырғанда көбірек (екі пайызға) төмендеген. Бірақ 2009 жылғы көрсеткіштен аз (7,8%).

"ХХ ғасырдың ортасынан бастап әлемдік экономикадағы ең күшті рецессия кезінде мұнай бағасының қатты құлдырауына қарамастан осы нәтиженің тіркелуі таңғалдырады", - деп жазылған бюллетеньде.

Ақпанның басында Халықаралық валюта қоры Ресей билігінің пандемиямен күресуге бағытталған іс-әрекетін жоғары бағалады. ХВҚ ақпаратына сәйкес, 2021 жылы Ресейдің жалпы ішкі өнімі үш процентке, келесі жылы - 3,9 процентке өседі. Бұл АҚШ немесе еуроаймақтағы көрсеткіштен жоғары. Сарапшылар негізгі драйвер ретінде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау, халықты және бизнесті мемлекеттік қолдау, ауқымды резервтер мен қарыздың төмен көрсеткішін атады.

Bloomberg агенттігінің аналитиктері де Ресейді перспективалы нарық деп атады. Мамандар экономикалық және қаржы тұрақтылығының 11 көрсеткіші, негізінен ЖІӨ, сыртқы қарыз, валюталық резерв, нақты проценттік мөлшерлеме бойынша болжамдар арқылы 17 елде зерттеу жүргізген. Ресей қорытынды рейтингте екінші орынға тұрақтаған.

Сарапшылар сенімді бюджеттік профиль мен оң инвестициялық позицияны да жоғары атап өтті. Сондай-ақ 587,1 миллиард доллар көлеміндегі ауқымды халықаралық валюта резерві де үлкен рөл ойнайды. Дефолт болуы екіталай. Bloomberg 2021 жылы Ресейдегі экономикалық өсім үш процент деңгейінде болатыны туралы болжамын бөлісті.

Жаңалықтар
0