Өңірлер

Бекшин Рамазан айы қарсаңында үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевЖандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Алматы қаласының бас санитар дәрігері қалада діни нысандардың жұмысына тыйым салыну себебін түсіндірді  

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қабылдаған қаулысын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Брифинг кезінде Бекшин Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады.

Әзірет Сұлтан мешіті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2021
Қоғам
Рамазан–2021: Мүфтият ораза кестесін жариялады
"Бұған дейін діни нысандарға жеке келуге рұқсат берген едік. Енді керісінше талап қатаңдайды. Себебі бұл жерде ауру жұқтыру қаупі жоғары. Басқа елдерде діни нысандар арқылы науқастар көбейген болатын. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында алматылықтарға үндеу жасап отырмыз. Естеріңізде болса, өткен жылы ауызашар кезінде науқастар саны артты. Сол себепті біздің отандастар ұжымдық іс-шара өткізуді азайту туралы ұсынысымызды ескерсе екен дейміз. Үйдегі жиынға тек бір отбасы мүшелері ғана қатыса алады", - деді Бекшин.

Айтуынша, жағдай тұрақталғанша қалада діни нысандар жабық болады. 

Айта кетейік, қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері ашық болады. Азық-түлік дүкендері 06.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік сатпайтын дүкендер кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. 

Қаулыға сәйкес, демалыс күндерінен басқа жұмыс күндері жабық әмбебап базарлардың қызметіне рұқсат берілген. Ашық базарларға, сондай-ақ жабық азық-түлік базарларына жексенбіден басқа жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Шаштараз, косметологиялық қызмет, сұлулық салондары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қызмет көрсететін орталық қызметкерлері адамдарды үйде қабылдай бастаған. Мұндай жағдайда санитарлық шаралар сақталмайды. Сол себепті сұлулық салоны қызметіне рұқсат берілді.

Жаңалықтар
0