Әлем

Әйелі жалаңаш күйде кіріп келді: Zoom-да ыңғайсыз жағдай тағы қайталанды

© Photo : pixabay / Jagrit Parajuli Zoom-конференция
Zoom-конференция - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Оңтүстік Афрка Республикасында коронавирус бойынша есеп беру конференциясы ұзарып кеткенін білмей қалған шенеуніктің әйелі кадрға жалаңаш күйде түсіп қалды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Оңтүстік Афрка Республикасында дәстүрлі көшбасшылар ұлттық үйінің комитет отырысын тоқтатуға тура келді. Zoom арқылы өткен жиын кезінде бір шенеуніктің әйелі кадрға жалаңаш күйде түсіп қалды, деп хабалады Mirror басылымы.

Шығыс Кап провинциясының өкілі COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандарға қатысты баяндама жасап отырғанда бөлмеге оның әйелі кіріп келген. Үстінде ештеңе болған жоқ. Осы кезде жиынға қатысушылар күле бастады. Ал комитет басшысы баяндамашының сөзін бөліп, артына қараңыз деп ескерткен.

Шенеунік бірден кешірім сұрап, келіншегінің әрекетін түсіндірді. Оның айтуынша, жиын түнгі сағат 22:00-де аяқталады деп жоспарланған. Әйелі оны білгенімен, шараның ұзап кетккенінен хабарсыз болған. Содан келіншегі душқа түсіп, онлайн жиын аяқталды деген оймен бөлмеге кіріп келген.

"Оған қоса, біздің үйіміздің құрылысы сондай, осы іспетті шараларды жеке-дара отырып өткізуге мүмкіндік жоқ", – дейді ол.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері осы іспетті ыңғайсыз жағдайлар көбейіп кеткен. Мәселен, АҚШ-та бір адвокат соттың онлайн отырысына мысықтың маскасымен қатысқан. Сөйтсе, оған дейін баласы компьютерде ойнаған. Ал әкесі отырғаннан кейін бағдарламаның баптауларын бұрынғы қалпына келтірмеген.

Оқи отырыңыз: "Жартылай жалаңаш әйел атып шықты": Нұр-Сұлтан тұрғыны зорлықшыны қалай ұстағанын айтты

Жаңалықтар
0