Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Су астына кеткен көне қалалар – фото

Жазылу
Археологтар су астына кеткеніне қарамастан адамдардың үлкен қызығушылығына ие аңыз қалалардың рейтингін әзірледі

Әлем мұхиты құпияға толы. Археологтар мен ғалымдар сырын ашқан нысандар санаулы ғана.

Танымал Heritage Daily ғылыми-көпшілік басылымы су астына кеткен он ежелгі қаланы атады. Бұл тізімге пираттар астанасы Порт-Роял, ежелгі курорт Байя, мысырлық теңдессіз Гераклион кірді.

Тарих пен археологияның жақұты саналатын шаһарлар жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқи аласыз.

CC BY-SA 3.0 / Hanay / Atlit Yam is an ancient submerged Neolithic village off the coast of Atlit, IsraelАтлит Ям - қазіргі Израильдің Кармель жағалауындағы Атлит шығанағында орналасқан неолит дәуіріндегі қоныс. Елді мекен 9,8 акр (40 мың шаршы метрге жуық) аумақты алып жатты. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 7000 жылға жататын тікбұрышты үйлерден, ошақтардан, құдықтан және тас шеңберден тұрды.
Атлит-Ям - древняя затопленная неолитическая деревня у побережья Атлита, Израиль - Sputnik Қазақстан
1/10
Атлит Ям - қазіргі Израильдің Кармель жағалауындағы Атлит шығанағында орналасқан неолит дәуіріндегі қоныс. Елді мекен 9,8 акр (40 мың шаршы метрге жуық) аумақты алып жатты. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 7000 жылға жататын тікбұрышты үйлерден, ошақтардан, құдықтан және тас шеңберден тұрды.
© Depositphotos.com / Patryk_KosmiderОлус - Криттің қазіргі Элунда қаласындағы Спиналонга түбегін материкпен байланыстыратын мойнақтың екі жағында орналасқан ежелгі Дориан қаласы. Бұл қоныстың бар болғаны туралы ең ежелгі дәлелдер біздің дәуірімізге дейінгі сегізінші ғасырдан Грекияға екінші парсы шапқыншылығы болған біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылды қамтиды.
Старые руины мельницы в заливе Мирабелло на Крите - Sputnik Қазақстан
2/10
Олус - Криттің қазіргі Элунда қаласындағы Спиналонга түбегін материкпен байланыстыратын мойнақтың екі жағында орналасқан ежелгі Дориан қаласы. Бұл қоныстың бар болғаны туралы ең ежелгі дәлелдер біздің дәуірімізге дейінгі сегізінші ғасырдан Грекияға екінші парсы шапқыншылығы болған біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылды қамтиды.
© AP Photo / Amr NabilКей деректерде Тонис деп те аталатын Гераклион қазіргі Мысырдың Ніл өзенінің Каноп сағасына жақын орналасқан мысырлық ежелгі қала болған. Бұл қала туралы алғашқы жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі XII ғасырға жатады. Ол Геродот, Страбон және Диодор сынды ежелгі шежірешілердің туындыларында кездескен. Ніл сағасындағы іргелес аралдарда салынған бұл қала ежелгі Мысырдың соңғы кезеңінде ірі сауда портына айналды. 2000-шы жылдардың басында археологтар суға батқан қаланың артефактарын жер үстіне шығара бастады.
Поднятые на поверхность древние статуи египетского затонувшего города Гераклион - Sputnik Қазақстан
3/10
Кей деректерде Тонис деп те аталатын Гераклион қазіргі Мысырдың Ніл өзенінің Каноп сағасына жақын орналасқан мысырлық ежелгі қала болған. Бұл қала туралы алғашқы жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі XII ғасырға жатады. Ол Геродот, Страбон және Диодор сынды ежелгі шежірешілердің туындыларында кездескен. Ніл сағасындағы іргелес аралдарда салынған бұл қала ежелгі Мысырдың соңғы кезеңінде ірі сауда портына айналды. 2000-шы жылдардың басында археологтар суға батқан қаланың артефактарын жер үстіне шығара бастады.
CC BY-SA 4.0 / Annagkai / Pounta beach (cropped photo)Павлопетри - су басқан ежелгі қала. Ол Грекияның оңтүстігіндегі Пелопоннес түбегінде, Лакониядағы Пунта жағалауында орналасқан. Археологтар су түбінен табылған қыш ыдыстарды зерттеу негізінде Павлопетридің алғашқы тұрғындары микендер болғанын, бірақ 3500 жылы қаланы жау қолында қалғанын анықтады.
Пляж Пунта - Sputnik Қазақстан
4/10
Павлопетри - су басқан ежелгі қала. Ол Грекияның оңтүстігіндегі Пелопоннес түбегінде, Лакониядағы Пунта жағалауында орналасқан. Археологтар су түбінен табылған қыш ыдыстарды зерттеу негізінде Павлопетридің алғашқы тұрғындары микендер болғанын, бірақ 3500 жылы қаланы жау қолында қалғанын анықтады.
© Photo : Public domainПорт-Ройял бастапқыда Кэгуэй деп аталған. Ол біздің дәуіріміздің XVII ғасырында ағылшын порт қаласы және пираттар мен каперлердің әйгілі базасы болған. 1660 жылға қарай Порт-Ройял қаласында Кристофер Мингс, Генри Морган, Рош Бразилиано, Джон Дэвис пен Эдвард Мансвельт сынды танымал пираттар тұрақтаған. Ғасырдың соңына қарай қала жер бетінен жоғалып кетті.
Хэйквилл. Живописный тур по острову Ямайка. Тарелка - Sputnik Қазақстан
5/10
Порт-Ройял бастапқыда Кэгуэй деп аталған. Ол біздің дәуіріміздің XVII ғасырында ағылшын порт қаласы және пираттар мен каперлердің әйгілі базасы болған. 1660 жылға қарай Порт-Ройял қаласында Кристофер Мингс, Генри Морган, Рош Бразилиано, Джон Дэвис пен Эдвард Мансвельт сынды танымал пираттар тұрақтаған. Ғасырдың соңына қарай қала жер бетінен жоғалып кетті.
CC BY-SA 4.0 / JohnArmagh / PRuin of the gateway of Greyfriars, Dunwich, Suffolk (cropped photo)Данвич Англияның Саффолк графствосының шығыс жағалауындағы ірі сауда порты және өркениетті қала болды. Ол біздің дәуіріміздің XIII ғасырында көлемі мен мәртебесі бойынша Лондон деңгейіне дейін дамыған. Қалада сегіз шіркеу, үш шағын шіркеу, діни ордендердің бес үйі, тамплиерлер прецепториясы, екі аурухана және гильдия ратушасы болған.
Руины ворот Грейфрайарс, Данвич, Саффолк - Sputnik Қазақстан
6/10
Данвич Англияның Саффолк графствосының шығыс жағалауындағы ірі сауда порты және өркениетті қала болды. Ол біздің дәуіріміздің XIII ғасырында көлемі мен мәртебесі бойынша Лондон деңгейіне дейін дамыған. Қалада сегіз шіркеу, үш шағын шіркеу, діни ордендердің бес үйі, тамплиерлер прецепториясы, екі аурухана және гильдия ратушасы болған.
CC BY 2.0 / Bryan Ledgard / Cliff erosion, HoldernessРавенсер Одд Йоркширдің Шығыс райдингінде орналасқан портты қала болды. Қала шамамен біздің дәуіріміздегі 1235 жылы құрылды. Ол Халлға қарай беттеген сауда кемелері есебінен қарқынды дамыды.
Побережье Британских островов в Spurn Point, Восточный райдинг Йоркшира, Англия - Sputnik Қазақстан
7/10
Равенсер Одд Йоркширдің Шығыс райдингінде орналасқан портты қала болды. Қала шамамен біздің дәуіріміздегі 1235 жылы құрылды. Ол Халлға қарай беттеген сауда кемелері есебінен қарқынды дамыды.
CC0 / Ruthven / Statua DionisoБайя - жартылай суға кеткен Рим қаласы. Ол Италияның қазіргі Баколи коммунасындағы Неаполитан шығанағының жағасында орналасқан. Қала туралы алғашқы жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі 178 жылға жатады. Ол деректерде Aquae Cumanae деп аталған. Бұл қоныс гедонистік өмір салтын ұстанған танымал римдік курортқа айналды.
Статуя в затопленном археологическом парке Байи - Sputnik Қазақстан
8/10
Байя - жартылай суға кеткен Рим қаласы. Ол Италияның қазіргі Баколи коммунасындағы Неаполитан шығанағының жағасында орналасқан. Қала туралы алғашқы жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі 178 жылға жатады. Ол деректерде Aquae Cumanae деп аталған. Бұл қоныс гедонистік өмір салтын ұстанған танымал римдік курортқа айналды.
© Photo : Public domain / Robert ElsmoreДоггерленд - бір кездері Британияны континенттік Еуропамен байланыстырған Солтүстік теңіз астындағы су басқан құрлық. Мезолит дәуірінде мұнда аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан ежелгі тайпалар өмір сүрген. Кейіннен біздің дәуірімізге дейінгі 6500-6200 жылдар аралығында болған соңғы мұз дәуірінен кейінгі теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл қала су астында қалды.
Береговая линия Дувра, Кент - Sputnik Қазақстан
9/10
Доггерленд - бір кездері Британияны континенттік Еуропамен байланыстырған Солтүстік теңіз астындағы су басқан құрлық. Мезолит дәуірінде мұнда аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан ежелгі тайпалар өмір сүрген. Кейіннен біздің дәуірімізге дейінгі 6500-6200 жылдар аралығында болған соңғы мұз дәуірінен кейінгі теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл қала су астында қалды.
CC BY 3.0 / Rheins / Sunken City of KekovaДольчисте - қазіргі Түркияның Кекова аралында орналасқан Византия қаласы болған. Қала біздің дәуіріміздің екінші ғасырында жер сілкінісі салдарынан қирады.
Затонувший город Кекова, Турция - Sputnik Қазақстан
10/10
Дольчисте - қазіргі Түркияның Кекова аралында орналасқан Византия қаласы болған. Қала біздің дәуіріміздің екінші ғасырында жер сілкінісі салдарынан қирады.
Жаңалықтар
0