Өңірлер

Мас жүргізуші қаққан үш оқушының екеуі көз жұмды: полиция мәлімдеме жасады

© Photo : пресс-служба департамента полиции Восточно-Казахстанской областиҚазақстандық полиция
Қазақстандық полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Қорам ауылында мас жүргізуші қаққан оқушы қыздардың екеуі ауруханада көз жұмғаннан кейін, полиция жол апатына қатысты істің бабын өзгертті

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Алматы облысында бір топ оқушыны көлігімен қағып кеткен жүргізуші он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

2 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында 54 жастағы тұрғын "УАЗ" көлігімен жол жиегінде тұрған төрт бірдей оқушы қызды қағып кетті. Салдарынан үш қыз ауыр хәлде ауруханаға түсті, төртіншісі апаттан сақтанып үлгерген. 14 наурызда қыздардың біреуі көз жұмғаны белгілі болды. Бүгін, 5 сәуірде комада жатқан екінші оқушының жан тапсырғаны хабарланды.

Екі қыздың өлімінен кейін күдіктінің әрекеті аса ауыр бап бойынша қайта сараланды, деп хабарлады полиция департаменті.

"Бастапқыда жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында қыздардың бірінің көз жұмуына байланысты іс 345-1-бап 3-бөлігі бойынша қаралатын болды. Енді екінші зардап шегушінің қаза болуына байланысты күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігіне (Автомобильдi басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген, мас күйде жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) қайта сараланды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында жүргізуші оқушыларды таптап өткенін келесі күні бір-ақ түсінген

Полицияның ақпаратынша, енді күдікті белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, жеті жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жүргізуші қазір тергеу изоляторында қамауда отыр.

Жаңалықтар
0