Өңірлер

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан оқушы қыздардың тағы біреуі көз жұмды

© REUTERS / BENOIT TESSIERҚорғаныш костюмін киген дәрігер, архивтегі сурет
Қорғаныш костюмін киген дәрігер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Сегіз жасар қыз бір ай бойы ауруханада комада жатқан еді, дәрігерлер оны жасанды тыныс алдырту аппаратына қосты. Бұған дейін жол апатынан зардап шеккен тағы бір оқушы қыз көз жұмған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Қорам ауылында жол апатынан зардап шеккен 8 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Суыт хабарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. 4 сәуірде оқушы қыз есін жимастан Шелек ауылының ауруханасында жан тапсырған. Ол комада жатқан еді, дәрігерлер оны жасанды тыныс алдырту аппаратына қосқан болатын.

Еске салсақ, жантүршігерлік жол апаты наурыз айының басында Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында болды. Сабақтан қайтып келе жатқан төрт бірдей оқушы қызды УАЗ көлігінің мас жүргізушісі қағып кетті.

Үш қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, төртіншісі апаттан сақтанып үлгерген. Оқушы қыздар 8-9 жаста. 14 наурызда олардың біреуі көз жұмғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында мас жүргізуші бір топ оқушыны қағып кетті

Полиция жүргізушіні қамауға алды.Тәртіп сақшылары 54 жастағы ер адамның көлікті мас күйінде жүргізгенін айтты.

Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 2-тармағы бойынша (жол жүрісі немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу, мас күйде көлік басқару, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін БАҚ 4 бірдей оқушы қызды таптап өткен жүргізуші кінәсін мойындағанын хабарлаған болатын. Күдікті арақты жалғыз өзі отырып ішкенін айтқан. Ащы судан сіміріп алған соң, үйінен шығып көлігіне мінген. Ал жол жиегімен келе жатқан оқушы қыздарды таптап өткенін тек келесі күні бір-ақ түсініпті.

Жаңалықтар
0