Әлем

Индонезияда қайық кемемен соқтығысып, 17 адам жоғалып кетті

© РИА Новости / Медиабанкке өтуКорабль в море. Архивное фото
Корабль в море. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2021
Жазылу
Қайық кемемен соқтығысуы салдарынан аударылып қалып, экипаждың 15 мүшесі құтқарылды. Бортта 32 адам болған

АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Индонезияда Батыс Ява провинциясында балықшы қайығы кемемен соқтығысып, 32 адамның 17-сі жоғалып кетті.  

Жергілікті ANTARA басылымы жазғандай, оқиға 3 сәуір, сенбіде болды.

Балық аулайтын кеменің бортында 32 адам болған. Қайық соқтығысу салдарынан аударылып қалды, экипаждың 15 мүшесі құтқарылды.

"Балықшылар ауы оралып қалған": Атырауда жұмысқа кеткен тұрғынның мәйіті табылды

Қазіргі уақытта жоғалып кеткендерді іздеу операциясы жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0