Оқиға

Нұр-Сұлтанда "Шапағат" базары өртенді – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуӨрт сөндіруші, архивтегі сурет
Өрт сөндіруші, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2021
Жазылу
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт 23.15-те толық сөндірілді. Оған 8 техника мен жеке құрамының 32 адамы жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Тілсіз жау елордалық "Шапағат" базарын шаррыды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

"22.30-да төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінің мамандары дабылмен көтеріліп,  Бөгенбай даңғылындағы "Шапағат" базарына жетті. Оқиға орнында ғимараттың шатыры мен сыртқы қаптамалары өртеніп жатқаны анықталды", – делінген хабарламада.

Сол жерде жедел штаб құрылып, 23.15-те өрт толық сөндірілді. Оған 8 техника мен жеке құрамының 32 адамы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды

Зардап шеккендер мен қазақ тапқандар жоқ.

 

Жаңалықтар
0