Әлем

Науқасқа операция жасалып жатқанда аурухана отқа оранды

© Пресс-служба МЧС РФПожар в кардиохирургическом центре в Благовещенске
Пожар в кардиохирургическом центре в Благовещенске - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2021
Жазылу
Құтқарушылар 120 дәрігер мен науқасты қауіпсіз жерге көшірді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр желісіндегі ақаудан шығуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ресейде дәрігерлер науқастың жүрегіне операция жасап жатқанда ауруханада өрт шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше жағдай Благовещенск қаласындағы кардиоорталықта болған. От түс мезгілінде шыққан.

Дәл осы кезде бірінші қабатта 8 дәрігер операция жасап жатқан. Ең қиыны, өртке байланысты ғимаратта электр жарығы сөніп қалған.

"Өрт кезінде жансақтау бөлімінде науқастың жүрегіне ашық операция жасалып жатты. Осы төтенше операцияға байланысты өрт сөндіру қиынға соқты. Жансақтау бөлімін барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Яғни, электр желісі мен түтінді сейілтетін электрлі желдеткіш тарттық", – дейді төтенше жағдай министрлігінің өкілі Константин Рыбалко.

Дәрігерлер операцияны сәтті жасап, 2 сағатта аяқтаған соң, науқас басқа ауруханаға ауыстырылды.

Бұл кезде өрт сөндірушілер де тілсіз жауды ауыздықтап үлгірген. Ғимарат 50 жыл бұрын салынған. От ағаш шатыр арқылы жылдам таралған.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар министрі: Құтқарушылардың да еңбекақысы тұрақты өсуі керек

Құтқарушылар 120 дәрігер мен науқасты қауіпсіз жерге көшірді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр желісіндегі ақаудан шығуы мүмкін.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0