НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 122 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласы (647) мен Нұр-Сұлтан қаласында (438) тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіш Алмат облысына (258) тиесілі ", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 438,
- Алматы қаласы - 647,
- Шымкент қаласы - 66,
- Ақмола облысы - 48,
- Ақтөбе облысы - 137,
- Алматы облысы - 258,
- Атырау облысы - 110,
- Шығыс Қазақстан облысы - 42,
- Жамбыл облысы - 23,
- Батыс Қазақстан облысы - 112,
- Қарағанды облысы - 85,
- Қостанай облысы - 35,
- Қызылорда облысы - 32,
- Маңғыстау облысы - 25,
- Павлодар облысы - 31,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 17,
- Түркістан облысы - 16.
Бүгінге дейін респубика бойынша коронавируспен ауырған адамдар саны 251 053 жетті. 222 606 пацинет жазылып шығып, 3 085 адам қайтыс болды.