Өңірлер

Петропавлда пара алып, тегін баспана ұсынған шенеунік ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи в руке, иллюстративное фото
Ключи в руке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара көлемі ұсынылған баспананың аумағына қарай 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін барғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Петропавл әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды тұлғасын ұстады. Шенеунік коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана ұсынғаны үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді", - деді агенттіктегілер.

Жалдамалы баспана 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін пәтерге мұқтаж жандарға берілуге тиіс болған. Ол үшін мемлекет тарапынан нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы қарастырылған. Бұл бағдарлама өз пәтерлерін сатып алғанға дейін бес жыл мерзімде жұмыспен қамтылған жас отбасыларды уақытша тегін баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқи отырыңыз: Бес облыста білім басқармасының лауазымды қызметкерлері тергеуге алынды 

"Лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарламаны пайдалана отырып, сенімді өкілдері арқылы баспанаға мұқтаж адамдарды іздеп тапқан және пәтер ұсынғаны үшін олардан пара алып отырған. Пара көлемі берілетін баспананың аумағына қарай 550-800 мың теңге аралығында болған", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Лауазымды тұлға мен оның көмекшілеріне қатысты екі айға дейін күзетпен ұстау түрінде шектеу шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша басқа мәлімет тергеуге кедергі келтірмеу мақсатында жария етілмей отыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәсінің деңгейіне қарай сот шығарады.

Жаңалықтар
0