Қоғам

"Ұлы түркілер" білім беру қорын құру керек: Тоқаев тың бастама көтерді

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Президенттің айтуынша, қор университеттер арасында академиялық ұтқырлық, тағылымадан өту, біліктілікті арттыру сияқты шараларды үйлестіріп отырады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде бірнеше тың ұсыныс жасады. Соның бірі – "Ұлы түркілер" қоры, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Білім беру саласындағы ынтымақтастық – болашақтағы табысты серіктестіктің негізгі факторы. Осы ретте ортақ мәдени-ағартушылық кеңесті қалыптастырған жөн. Сол арқылы жастардың заман талабына бейімделуіне жол ашылады. Оны "Ұлы түркілер" білім беру қорын құру арқылы жүзеге асыруға болар еді", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қор университеттер арасында академиялық ұтқырлық, тағылымадан өту, біліктілікті арттыру сияқты шараларды үйлестіріп отырады.

"Біз бауырлас елдердің жастарына Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бағдарламасы болйынша оқу үшін 50 грант бөлуге дайынбыз", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жаңа экономикалық аймақ құруды ұсынды 

Айта кетейік, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитін Түркістан қаласында өткізу жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты іс-шараны онлайн режимде ұйымдастыруға шешім қабылданды. Саммит кезінде ұйымға мүше Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие. Осы жолғы саммитке Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов та құрметті қонақ ретінде қатысып отыр. Ұйымның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев та сөз сөйледі.

Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтары мен кеңестің мәртебесі бойынша бірлескен декларация қабылданады.

Жаңалықтар
0