Өңірлер

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз не үшін мұндай қадамға барғанын түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневӘскери қызметкер
Әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Тараздан 40 шақырым жерден табылды. Жас жігіт бес күн бойы қашып жүрген.

19 жастағы Нұрасыл Арысбаевтың айтуынша, ол туған-туыстарын сағынып, үйіне барғысы келген, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Сол аралықта жігіт жалданып жұмыс істеп, ақша табуға тырысқан.

"Туған-туыстарымды сағындым. Үйге барамын деп шештім. Теміржолға түстім, сосын адасып Ақыртөбеге жаяу бардым. Сол жақта малшы болып жүрдім. Ол жерде тамақ, үй – бәрі тегін. Сосын күнде үш-төрт мың теңге тауып, үйге барып, ата-анама сыйлық алып, қайтып келем бе деп ойладым", – дейді ол.

Нұрасылдың қашу оқиғасына байланысты әскери полиция да пікір білдірді. Жігіт туған қаласы Шымкентке емес, Алматыға жол тартуының себебін адасып кеткенімен түсіндірген.

"Жігіт 10 күнге дейін гауптвахтада болуы мүмкін. Содан кейін ол қызметін жалғастырады. Онымен сөйлестік, өзінің өателігін түсінгені көрініп тұр. Алайда егер ол бұл әрекетін тағы қайталаса, қатаң жаза қолданылады", – деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі медиа орталығы Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы Дина Мухаринова.

Оқи отырыңыз: Үйінен қашып кеткен қыз Astra bus картасының көмегімен табылды

Айта кетейік, бұған дейін Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған болатын. Кейіннен оны 85395 бөлімшесінің әскери қызметшілері мен әскери полиция өкілдері Тараз маңында жүргенін анықтап, ұстады.

Жаңалықтар
0