Қоғам

Алматыда қоғамдық көлікте бетперде тақпағандарға айыппұл салынады

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Осы мақсатта құрамына қалалық басқарма, көлік холдингі мен құқық қорғау органының қызметкерлері кіретін мониторингтік топ құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Мониторингтік топ жолаушылардың қоғамдық көліктегі санитарлық талаптарды сақтауын тексереді. Қаланың барлық автобустарын кезеңмен тексеру жоспарланған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бұған дейін басқарма қызметкерлері бетперде тақпаған жолаушыларға тек ескерту жасай алатын. Енді мониторингтік топ санитарлық нормаларды сақтамаған азаматтарға айыппұл салуға құқылы.

"Жолаушылар ағынын ескере отырып, кептеліс уақытында адамдар көп мінетін 28-ші бағдарлы қоғамдық көліктің бірлік саны арттырылды. Қозғалыс аралағы да қайта қарастырылды. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жүргізіледі", - деді қалалық әкімдіктегілер.

Жүргізушілер бетперде тағуға, бұл жөнінде жолаушыларға да ескерту жасауы міндетті. Бұл талапты орындамаған жолаушыны қоғамдық көліктен түсіріп жіберуге не мүлде отырғызбауға құқылы.

Сонымен қатар автобустар мен метрода бетперде тағу маңыздылығы жөнінде аудиохабарламалар беріледі.

Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, тұрғындардың сұранысын толық қаматамыз ету үшін қалаға шамамен мыңға жуық автобус қажет. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 2021 жылы коммуналдық автопаркке газбен жүретін жаңа 150 автобус пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін тасымалдаушылар тағы 200 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0