Өңірлер

Жасөспірім анасының шотынан өзіне ақша аударып, компьютер ойынына жұмсаған

© Photo : pixabay.comРебенок играет со смартфоном, иллюстративное фото
Ребенок играет со смартфоном, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Әйел жұмысқа барған кезде банк картасынан 46 мың теңгенің жоғалғанын көріп, бірден полицияға хабарласқан

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Павлодарлық жасөспірім анасының картасынан өзіне ақша аударып, оны "Майнкрафт" компьютер ойынына жұмсаған, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Павлодарда аудандық учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, таңертең жұмысқа барған кезде картасынан 46 мың теңге жоғалып кеткенін көрген. Ол ешкімге картасын бермеген және ешкімге ақша аудармаған. Әйел алаяқтардың құрбаны болғанына сенімді болды", - деді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Алайда көп ұзамай учаскелік инспектор ақшаның қолды болғанына әйелдің 11 жастағы ұлының қатысы бар екенін анықтады.

Түнде ата-анасының ұйықтап қалғанын күтіп, жасөспірім өзі білетін құпиясөз арқылы мобильді қосымшаға кіріп, ұялы телефонына 46 мың теңге аударған.

Бала оны компьютер ойындарына жұмсағанын мойындады. Анасының бар ақшасын "Майнкрафт" ойнап, ұтылған.

Ұйықтатып кеткен: Нұр-Сұлтанда бір-біріне ұқсас екі қылмыс жасалды

Соған байланысты полиция қызметкерлері банк картасын ешкім ала алмайтын жағдайда ұстауға, құпиясөзін ешкімге айтпауға, телефонға да құпиясөз қоюға шақырды.

Жаңалықтар
0