Өңірлер

Таразда сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото военнослужащих
Архивное фото военнослужащих  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Қазіргі таңда әскери қызметшіні полицейлер іздеп жатыр, оның не себептен әскери бөлімді тастап, қашып кеткені әзірге беймәлім

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлады "Хабар 24".  

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда атыс алаңынан қашып кеткен сарбаз ұсталды 

Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі, басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт дейді. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбейді.

"Соңғы рет маған 20-сында қоңырау шалды. Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па деп сұрадым. Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы деді", - дейді сарбаздың анасы Гүлжан Арысбаева.

"Не себептен әскери бөлімді тастап, қашып кеткені бізге беймәлім. Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласында осы әскери бөлімнің қызметкерлері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Нәтиже әлі болған жоқ", - дейді 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.  

Жаңалықтар
0