Өңірлер

Шымкентте бір топ ер адам алып қашқан қыз табылды

© Photo : РixabayДевушка смотрит в окно
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Жуырда Шымкентте қызды алып қашу сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеоға көлік түсіп қалған, бойжеткеннің көмек сұраған даусы естіледі

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Шымкентте полиция өткен түні белгісіз біреулер ұрлап кеткен қызды тапты.

Қаладағы ықшам ауданның бірінде жергілікті тұрғындар қыздың көмек сұрап айқайлағанын естіген. Олар болған оқиғаны видеоға түсіріп алды, деп хабарлады "Хабар 24".

Куәгерлердің сөзінше, бірнеше ер адам қызды мәжбүрлеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Олардың жеке басы анықталды.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қызды үйлену үшін алып қашқан.

"Тереземнен осы жақ көрінеді. Шамамен сағат бір жарым болатын. Қыз айқайлап жатты. Содан кейін тағы бір қыздың даусы естілді. Кейін шу болып, көлік күрт бұрылып, жылдам кетіп қалды", - деді куәгерлер.

Шымкент қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдірамановтың айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("бас бостандығынан заңсыз айыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жуырда Шымкентте қызды алып қашу сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеоға көлік түсіп қалған, бойжеткеннің көмек сұраған даусы естіледі. Куәгер әйел күзетшіні шақыратынын айтып қорқытқан. Содан кейін көлік белгісіз бағытта кетіп қалды.

Жаңалықтар
0