Өңірлер

Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Тараз маңында ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневКетіп бара жатқан әскери қызметкер
Кетіп бара жатқан әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
НовостиTelegram
19 жастағы жауынгер әскери бөлімнен бес күн бұрын қашып кеткен. Ал серіктестері оның теріс мінез-құлқының жоқ екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Тараздағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз қала маңында ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, сарбаз 30 наурызда сағат 10:15-те ұсталған.

"85395 бөлімшесінің әскери қызметшілері мен әскери полиция өкілдері қашып кеткен сарбаздың Тараз маңында жүргенін анықтап, ұстады. Қазір онымен әңгімелесу жүргізіліп жатыр. Оған қатысты қандай шара қолданылғанын қосымша жариялайтын боламыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 жастағы сарбаз бөлімнен бес күн бұрын түнгі күзет кезінде қашып кеткен. Сарбаздың серіктестері оны сабырлы деп сипаттап, теріс мінез-құлқының жоқ екенін алға тартқан.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

Ал жауынгердің анасы болса, ұлының 20 наурызда байланысқа шыққанын хабарлап, әңгіме барысында ешқандай шағым білдірмегенін айтқан.

Жаңалықтар
0