Елорда тынысы

COVID-тың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммы: астанада сынама жасалды

© REUTERS / NIAID-IRFВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Бұған дейін Алматыда коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" мутациялары тарағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарының бар-жоғы анықталып жатыр. Зерттеу нәтижесі әлі шыққан жоқ. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір біз қалада алынған COVID-19 сынамаларын Алматыға, ғылыми-практикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығына жөнелттік. Сынамалар зерттеліп жатыр, нәтижесін күтіп отырмыз", - деді Бейсенова баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Алматыда коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" мутациялары тарағаны анықталды. Бұл туралы мегаполистің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлаған еді.

Айта кетсек, соңғы күндері Алматы мен Нұр-Сұлтанда індет өршіді. Тәулігіне вирус жұқтырған науқастар саны 350-500-ге дейін жетіп жатыр. Осыған байланысты ірі қалаларда жуырда карантин қатаңдатылды.

Жаңалықтар
0