Саясат

Қазақстан президентінің арнайы өкілі пайда болады

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда, архивтегі сурет
Ақорда, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Арнайы өкіл елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және президент бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз етеді  

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстан президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі пайда болуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігі президент жарлығының жобасын әзірледі.

"Президенттiң Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкiлін тағайындау Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен президенттің бастамаларын ілгерілетуді арттырады", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған түсіндірме жазбада.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкiлi мемлекеттiк саяси қызметшi болып табылады.

Арнайы өкiлдi қызметке Қазақстан президентi әкiмшiлiгi басшысының ұсынуымен мемлекет басшысы тағайындайды және қызметтен босатады.

Арнайы өкiл президентке есеп бередi.

Құжатқа сәйкес, арнайы өкiлдiң негiзгi мiндеттерi:

  • саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қою;
  • Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және президент бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету.

Арнайы өкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан үкіметімен және басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен елдің сыртқы саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Жаңалықтар
0