Өңірлер

Полиция Қызылордада жоғалған 16 жастағы қыз туралы ақпарат жариялады

© AP Photo / Eugene HoshikoҚыз, архивтегі сурет
Қыз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Он алты жастағы жасөспірім 25 наурыз күні түнгі екіде балалар үйінен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қызылордада "Атамекен" балалар ауылының тәрбиеленушісі осымен төртінші күн іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы.

Бұған дейін  Қызылордадағы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан үш жасөспірім 25 наурызға қараған түні шығып кеткені хабарланды. 28 наурызда жоғалған үш қыздың екеуі Алматы қаласынан табылды. Үшінші қыз әлі іздестіріліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dp_kzo

"Қызылорда қаласында "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының" тәрбиеленушісі, 27.08.2004 жылы туған Нұғманова Ділдә Мұсабекқызы 25 наурыз сағат 02:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салады", - делінген облыстық полиция департаментінің желідегі ресми парақшасында.

Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті, иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім.

Полиция жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет болған жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:  8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.

Жаңалықтар
0