Елорда тынысы

Сәуір айында 60 мыңнан астам астаналыққа вакцина егіледі

© Sputnik / Абзал КалиевВакцинация населения против коронавируса в Казахстана
Вакцинация населения против коронавируса в Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Вакцинадан кейін берік әрі тұрақты иммунитет пайда болады. Ол бір жыл және одан да көп уақытқа сақталуы мүмкін. Сол себепті ревакцинация жайлы ойлауға әлі ерте, деді бас дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда сәуір айының соңына дейін 60 мыңнан астам адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада вакциналаудың жоспарланған көлемі – 647 мың адам. Сәуір айында 60 мыңнан астам адамға вакцина егуді жоспарлап отырмыз. Одан кейін вакцинаның түсуіне қарай жаздың ортасында, бәлкім, сәл кешірек біз бұл межеге жетеміз деп ойлаймын", - деді Мұратов баспасөз мәслихатында.

Ол қазіргі таңда елге тек "Спутник V" вакцинасын жеткізу мерзімі ғана белгілі екенін атап өтті.

Коронавирусқа қарсы басқа вакциналарды денсаулық сақтау министрлігі пысықтап жатыр.

Сондай-ақ, Мұратовтың айтуынша, вакциналау науқаны енді басталғаннан кейін ревакцинация, яғни екпені қайта егу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Өйткені вакцинадан кейін берік әрі тұрақты иммунитет пайда болады. Ол бір жыл және одан да көп уақытқа сақталуы мүмкін. Сол себепті ревакцинация жайлы ойлауға әлі ерте, деді бас дәрігер.

Жаңалықтар
0