Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері блок бекет туралы айтты

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Нур-СултанаС 1 июня по периметру столицы демонтированы блокпосты
С 1 июня по периметру столицы демонтированы блокпосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
30 наурыздан бастап карантин қатаңдатылады. Тиісті қаулыға бүгін қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Індеттің өршуіне қарамастан, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан айналасына блок бекет қою мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Блок бекет орнату туралы мәселе жоқ. Біз қабылданған шектеу шаралары оң нәтиже береді деген үміттеміз. Одан кейін эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитінін бақылаймыз", - деді Бейсенова баспасөз мәслихатында.

Десе де, айтуынша, егер эпидемиологиялық ахуал тым ушығып кетсе, былтырғыдай қатаң карантин енгізу мәселесі қаралуы әбден мүмкін.

Бейсенова соңғы үш күнде Нұр-Сұлтанда Covid-19 бойынша жағдай күрт нашарлағанын айтты. Осы күндері індетке шалдыққандар саны екі есе өскен. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық республика деңгейінен 2,9 есе жоғары болып тұр.

Елорда – 10 наурыздан бері коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақта".

Осыған байланысты қалада 30 наурыздан бастап карантин қатаңдатылады. Тиісті қаулыға бүгін қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды. Оған сәйкес, сауда орталықтарының жұмыс уақыты жұмыс күндері 17.00-ге дейін қысқарады, демалыста жабық болады. 

9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, барлық мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқытуға көшеді.

Жаңалықтар
0