Өңірлер

Қостанайдағы "Қазпоштада" не болып жатыр – видео

Жазылу
Қостанайлықтар мектеп оқушыларына арналған көлік картасын алу үшін "Қазпошта" филиалына келді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. "Қазпоштаның" Қостанай филиалында ығы-жығы адам. Ата-аналарға балаларға арналған көлік картасын бүгін тез арада алу керектігін хабарлаған, деп жазды өңірлік "Алау" басылымы.

Ата-аналардың айтуына қарағанда, ақпан айында мектептер көлік картасын алу үшін балалардың мәліметтерін жинаған.

"Балаларымыздың мәліметтерін әр мектеп өзі жинаса, берілуі де орталықтандырылған деп ойладық. Енді бізге өздерің келіп алыңдар дейді. Картаны бүгін алып үлгеруіміз керек екен. Балалар мен зейнеткерлерге арналған сараланған тарифтің енгізілуіне 3 күн қалды. Барлық 16 000 адам картаны қалай алады. Енді "Қазпошта" ғимаратында не болып жатқанын қараңызшы!", - дейді ашулы ата-аналар.

Естеріңізге салсақ, балалар мен зейнеткерлер 1 сәуірге дейін бұрынғы тарифпен жүре алады. 1 сәуірден бастап сараланған тариф қолданылады.

 

Жаңалықтар
0