Қоғам

Астанада жексенбі күндері автобус тоқтайды – қозғалыс қашан қалпына келеді

© Sputnik / Владислав ВодневМонумент "Астана Байтерек", зима
Монумент Астана Байтерек, зима - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Елордада 11 сәуірге дейін жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату тәжірибесі енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың бас санитары қол қойған қаулыға сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, жұмыс және сенбі күндері автобустар штаттық режимде жүреді. Осы орайда "City Transportation Systems" ЖШС адам көп болатын уақытта автобустар санын көбейтуі тиіс. Ал жолаушыларды мінгізгенде барлық есік ашылуы шарт.

Соңғы аялдамада автобуста дезинфекция жасалады. Салонда антисептик болуы қажет. Сондай-ақ, жолаушылар арасында әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет. Жолаушылар мен жүргізушілер бетперде киюі тиіс.

"Жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысына тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Айта кетейік, бұған дейін жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату тәжірибесі болған. Артынан оны алып тастады. Ал Наурыз мейрамы алдында қайтадан қолға алды.

Жаңалықтар
0