Қоғам

Далада маскасыз қыдырып жүретін уақыт емес – денсаулық сақтау басқармасы

© Sputnik / Тимур БатыршинЛюди в масках на улицах Алматы
Люди в масках на улицах Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
1 наурыздан 28 наурызға дейін инфекциялық стационарда 145 науқас жансақтау бөлімінде көмек алды. Олардың бәрі ауыр жағдайда жатқан науқастар деп есептеледі

АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда бір күнде 415 науқас тіркелді. Ал бүгін таңғы сағат 8-ден түскі 3-ке дейін 93 адам ауруханаға түсті", - дейді Лаура Мырзағали.

Оның айтуынша, 1 наурыздан 28 наурызға дейін инфекциялық стационарда 145 науқас реанимация бөлімінде көмек алды. Олардың бәрі ауыр жағдайда жатқан науқастар деп есептеледі. Жансақтау бөліміне түскендердің басым бөлігі 60 жастан асқан кісілер.

"Бостандық ауданынан 49 науқас, Медеу ауданынан 23 адам, Алмалы ауданынан 22 науқас реанимация бөліміне түсті. Бұл аудандарда базар, вокзал көп емес. Ал жансақтау бөліміне түскен науқастардың 104-і 60-тан асқан кісілер. Олар далада санитарлық талапты сақтайды. Ал жастар болса, бетперде тақпай, арақашықтық сақтамайды, қоғамдық көлікте маскасыз жүреді", - деді Мырзағали.

Ол жастар үйіне инфекция апаратынын алға тартты. Қалада ауыр жағдайда жатқан адамның қырық бірі - 18-60 жас аралығындағы тұрғындар.

"Қазір қалада жағдай ушығып тұр. Алматы қаласы "қызыл" аймаққа кірді. Үшінші толқынға келдік. Қаламызға өте қауіпті, тез тарайтын штаммдар кірді. Қазір далада қыдырып, маскасыз жүретін уақыт емес", - деді ол.

Сонымен қатар қалада 5 мың инфекциялық төсек-орын дайын, тағы 2 011 инфекциялық төсек-орын резервте тұр. Қажет болған жағдайда бұл тізім кеңейтіледі.

Жаңалықтар
0