НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысының полициясы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмаған үш қыздың екеуін тапты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімдер Алматыдан табылғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру шаралары барысында 27 наурыз күні кешке олардың екеуі Алматыда екені анықталды. Қыздар қалалықтардың қырағылығы мен полицейлердің жұмысының және БАҚ-та жарияланған ақпараттың арқасында табылды", - деп хабарлады полиция.
Табылған жасөспірімдер Алматыдағы балалар үйіне орналастырылды. Жоғалған үшінші қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Жертөледе есімді жидым": Павлодарда жоғалған 12 жасар қыз табылды
Айта кетейік, Қызылордадағы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан үш жасөспірім 25 наурызға қараған түні шығып кеткен.