НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (10-1, 3 КО) кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Ол Ресейдің Екатеринбург қаласындағы бокс кешінде жергілікті спортшы Павел Маликовпен (16-3-1, 6 КО) жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланды, алайда бесінші раундта Калицкийдің жеңісімен аяқталды. Айта кетерлігі, екінші және үшінші раундтарда Станислав нокдаунға түсіп, орнынан қайта тұрды.
Нокауттың видеосын төменде көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша Станислав Калицкий кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді, ал Павел Маликов төртінші рет жеңіліске ұшырады.