НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Атырау облысында із-түзсіз жоғалған Атырау тұрғыны Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды.
"26 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында Жайық өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды", - деп жазды "Ақ Жайық".
Туыстарының айтуынша, мәйітке балықшылар ауы оралып қалған. Қазіргі таңда сараптама жүргізіліп жатыр.
Ақтауда жоғалған қыздың мәйіті жағалаудан табылды
6 наурызда Тыныштық Оразғалиев үйден жұмысқа шығып кетіп, жоғалып кеткен. Осы уақыт ішінде оны құтқарушылар, кинологтар мен еріктілер іздеді.