Видео

Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаның өндірісі басталды – видео

Жазылу
Ресейде коронавирусқа қарсы "КовиВак" вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі іске қосылды. Толығырақ видеодан көріңіз

Ресейдің Чумаков атындағы орталығы әзірлеген препарат 2021 жылы 20 ақпанда тіркелді.

Осылайша "КовиВак" COVID-19-ға қарсы үшінші ресейлік вакцина атанды. Ресейде одан бөлек "Спутник V" және "ЭпиВакКорона" мақұлданған.

Орталық жылына 10 миллион дозаға дейін шығаруды жоспарлап отыр.

"КовиВак" бірінші партиясын Ресейдің ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков жеке өзі іске қосты.

Жаңалықтар
0