АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан 5 сәуірге дейін қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл жаңалық 2020 жылдың наурызында жарияланды және 2021 жылдың наурыз-сәуіріне қатысы жоқ", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы тек жексенбі – 28 наурызда тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда карантин күшеюі мүмкін
Қазір Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың "қызыл" аймағында тұр. 14 наурыздан бастап инфекцияны жұқтырғандары саны 24%-ке өсті.