Қоғам

"Не әңгіме?": Қайрат Нұртас желідегі шулы видеосына қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневПевец Кайрат Нуртас выступил на форуме партии "Nur Otan"
Певец Кайрат Нуртас выступил на форуме партии Nur Otan  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Мониторингтік топ Қайрат Нұртас пен әнші Кенжебек Жанәбілов заңсыз жұмыс істеген мейрамханаларының бірінде жүргенін анықтады

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Алматы мейрамханалардың бірінде түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Ассалаумағалейкум! Не әңгіме? Қашты дей ме? Алматыда жүрміз. Кеше бір ағамыздың туған күніне барып едік. Дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін. Маған қарап қалды ма? Бірақ Алланың көзі түзу болсын. Құдай бар ғой. Жақсылық болсын!"- деді Нұртас Instagram парақшасында.

Бұған дейін Almaty.tv телеарнасы мониторингтік топ Қайрат Нұртас пен әнші Кенжебек Жанәбілов заңсыз жұмыс істеген мейрамханаларының бірінде жүргенін хабарлады. 

Желіде тараған видеода қазақстандық әншілердің мекемеден асығыс шығып кетуге тырысқан сәті түсірілген. Медеу ауданындағы мейрамханада жүздеген адам болған. Мониторингтік топ карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған мейрамханаға тексеріспен барған. Алайда мекеме басшылығы есікті үш сағат бойы ашпапты. Терезелерін жарық көрінбейтіндей етіп қараңғылап тастаған. Амалы қалмаған мамандар электр мамандарын шақырып, жарық жүйесін кесіп тастады.

Айта кетейік, кәсіпкерлік нысанда 200-ден астам адам болған. Барлығы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабы бойынша хаттама толтырылды. Келушілер мен мекеме қызметкерлеріне 87 мың теңге, ал кәсіпкерге 670 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0