Өңірлер

Үйдің кіреберісінен нәресте табылды: полиция қарағандылықтардан көмек сұрады

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2021
Жазылу
Егер сәбидің ата-анасы табылмаса, балаға жаңа ат қойып, туған күні бекітіледі. Анасы баласын алып кеткісі келмесе, ешкім мәжбүрлемейді

АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Наурыз айының басында Қарағандының №15 ықшам ауданында орналасқан үйдің кіреберісінен көрпеге оралған екі айлық қыз табылды. Баланың анасы табылмады.

Кейін сәбиді балалар үйіне алып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды жергілікті "Новый вестник" басылымы.

Нәресте Қарағандының "Шапағат" балалар үйіне жеткізілді. Анасын және басқа жақын туыстарын іздеу жұмыстары жалғасуда. Егер олар табылмаса, сәбиге жаңа есім беріліп, туған күні бекітіледі.

Алайда тағы бір ай сәбиге ат қойылмайды, ол уақытта полиция баланың ата-анасын іздейді. Содан кейін Қарағанды білім басқармасының қамқоршылық бөлімі сәбидің туу фактісін мойындау және Қазақстан азаматы деп тану үшін сотқа жүгінеді.

Қамқоршылық бөлімінің айтуынша, анасы баласын алып кеткісі келмесе, ешкім мәжбүрлемейді. Ол ата-ана құқығынан айырылады.

Қарағанды тұрғындары баланың анасын немесе биологиялық әкесін табуға көмектесе алады. Егер қандай да бір ақпарат болса, 102 немесе 8 708 352 6460, 8 702 622 2205 нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.

Айта кетейік, Қарағандыда үйлердің бірінен сәби табылғаны туралы хабар полицияның кезекші бөліміне 3 наурызда сағат 00.15 шамасында түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігі ("қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 45 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

Жаңалықтар
0